locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қолдау күшейіп келеді: 2024 жылы Қазақстанда балалар спортына рекордтық 47 млрд теңге бөлінді

Басқа спорт түрлері 14 мам 2025 04:56
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Үкімет спорт мектептерін қаржыландыру және балалар спортын дамыту туралы депутаттық сауалға жауап берді
ФОТО: QFL

Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттардың балалар мен бұқаралық спортты қолдауға қатысты сауалына жауап беріп, бұл бағыт мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Президент тапсырмасы аясында қазіргі таңда спорт саласына қатысты жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Онда жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін енгізу, цифрландыруды кеңейту және уәкілеттіктерді нақтылау көзделген.

Бүгінде Қазақстанда 521 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 15 мыңнан астам жаттықтырушы 400 мыңға жуық балаға тәлім береді. Бұдан бөлек, 800-ге жуық спорт және дене шынықтыру клубтары оқушыларға сабақтан тыс уақытта қызмет көрсетеді. Спортпен айналысатын балалардың саны 2022 жылы 259 мың болса, 2023 жылы 298 мыңға жеткен.

2024 жылы мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында 47 млрд теңге бөлінді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 млрд теңгеге артық. Сонымен қатар, биыл ваучерлік жүйеге негізделген пилоттық жоба іске қосылады. Жоба шілде айында Астана мен Шымкентте, қыркүйекте Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында басталады.

QR-код пен биометрия арқылы қатысуды тіркеу жүйесі «Әлеуметтік әмиянмен» біріктіріліп, қаражаттың ашық әрі тиімді жұмсалуына мүмкіндік береді.

Бектенов спорттық тапсырысты қаржыландыру облыстық деңгейде қала беретінін жеткізді. Себебі аудандық және қалалық деңгейге беру бақылаудың әлсіреуіне алып келуі мүмкін. Ал спорт нысандарына қойылатын санитариялық және қауіпсіздік талаптарын сақтау — жергілікті атқарушы органдардың міндеті.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie