Керлингтен Қазақстан құрамасы мұз айдынындағы керемет образдарымен жанкүйерлерді баурап алды
Қазақстанның әйелдер керлинг құрамасы Панконтиненталь кубогының плей-офф кезеңіне шығып, ерекше гримдегі бейнелерімен көрермендерді таңғалдырды.
Тылсымай Аллиярова, Ангелина Эбауэр, Екатерина Колыхалова және Мерей Тастемирден құралған қазақстандық команда Канадада өткен турнирдің топтық кезеңінде жеті матчтың алтауында жеңіске жетіп, жақсы нәтиже көрсетті. Бұл турнир әлемдік деңгейде екінші маңызды жарыс саналады.
Соңғы матчта қазақстандық спортшылар Филиппин құрамасын 8:7 есебімен тартысты ойын нәтижесінде жеңіп, Хэллоуин құрметіне беттеріне грим салып шықты. Халықаралық керлинг федерациясы бұл ерекше көрініске “Бүгін мұзда жабайы жануарлар жүр” деп әзілмен жауап берді. Әлеуметтік желілерде жанкүйерлер де пікір қалдырып, қолдау білдірді:
“Керлингте осындай ерекше сәттер көбірек болу керек. Өте керемет!”, “Өте сүйкімді көрінеді”.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49