«Келесі жолы алтын әкелемін». Мейірлан Максим әлем чемпионатындағы жарақатынан кейін мәлімдеме жасады


Қазақстандық дзюдошы Мейірлан Максим әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңілгеннен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады.
Будапештте (Венгрия) өткен турнирде қазақстандық 90 келі салмақта 1/8 финалға шығып, Жапония өкілі Гоки Тадзимамен татамиге шықты. Белдесуде жапондық жеңіске жетіп, қазақстандық спортшы жарақат алды.
«Ассалаумағалейкүм! Баршаңызға рахмет, мені қалай қолдап жатқаныңызды көріп тұрмын, менде бәрі жақсы.
Мен үшін бұл ересектер арасындағы алғашқы турнирлердің бірі. Сондықтан бұдан да мықты болып ораламын.
Келесі жарыста міндетті түрде алтын болады, ИншаАллах», - деп жазды дзюдошы Instagram парақшасында.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының бапкері Роберт Мшвидобадзе Мейірлан Максимнің жеңілісіне тоқталып, жапонның өте лас күрескенін айтқан болатын.