locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қытайлық инвесторлар Астана велокомандасына қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді

Басқа спорт түрлері 16 қаз 2024 00:59
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: inform.kz
Қытайлық инвесторлар Астана велокомандасына қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді

Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қытайлық инвесторлармен “Астана” велокомандасын қолдау мәселесін талқылау үшін кездесу өткізді.

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, қытайлық XDS компаниясының өкілдері Ли Сиянронг пен Лю Вэй қазақстандық командамен серіктестік жасасуға дайын екендіктерін білдірді.

“Астана – бұл жай ғана команда емес, ол Қазақстанның ұлттық мақтанышы мен спорттық мұрасының символы. Шетелдік инвесторлардың қолдауы біздің әлемдік аренадағы орнымызды айтарлықтай нығайта алады”, – деп атап өтті туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

2007 жылы құрылған “Астана” велокомандасы әлемдегі ең ірі шосселік жарыстарға қатысады. Команда сапында осы уақытқа дейін Александр Винокуров пен Алексей Луценко, сондай-ақ үш дүркін Әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Ұлыбританиялық велошабандоз Марк Кавендиш өнер көрсетті.

Антикордың мәліметінше, 2018-2023 жылдар аралығында “Самұрық-Қазына” АҚ қаражатынан кәсіби “Астана” велокомандасын қаржыландыруға 31,5 миллиард теңге бөлінген.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie