Қырғызстан Қазақстанға реванш матчын өткізуді ұсынады
Қырғызстандықтар Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар ойынында жеңілгеніне байланысты қазақстандық көкпаршыларға реванш кездесуін ұсынды.
Қырғызстанның Көк бөрү федерациясы 1 қарашада Ыстықкөл жағасында Конкорд кубогын өткізу туралы бастама көтерді. Бұл туралы федерация басшысы Рамис Жүнісалиев мәлімдеді.
«Біз қазақстандық тарапты даулы мәселелерді шешу үшін реванш өткізуге шақырғымыз келеді. Көрші елдің спортшыларын ДКО құраммен бақ сынауға шақырамыз», - деді Жүнісалиев.
Еске сала кетейік, Дүние жүзілік көшпенділер аясында өткен Көкпар ойындарының финалында Қырғызстан құрамасы 3:1 есебімен алға шыққанымен, Қазақстан ойын соңында Қырғызстан командасын 5:4 есебімен ұтқан болатын. Қырғызстандықтар матчтан кейін төрешілердің жұмысына қатысты шағымдар айтып, екі елдің жанкүйерлері арасында пікірталас тудырды.