locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Азия чемпионаты туралы пікір білдірді

Басқа спорт түрлері 27 нау 2025 13:41
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Азия чемпионаты туралы пікір білдірді
ФОТО: sportplustv

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиев Азия чемпионатының бірінші күнін қорытындылады.

«Барлық қыздар өзінің шамаларынан төмен деңгейде өнер көрсетті. Өйткені, психологиялық тұрғыдан сенімділігі аз болғаннан ба, білмедім. Кешірек, жиналған соң күнді қорытындылаймыз. Арнайы дене дайындығы, техника-тактикалық жұмыстар жоспар бойынша жүрді. Енді қыздардың осылай өнер көрсеткені өкінішті болды», - деді жаттықтырушы.

Қазақстан әйелдер құрамасы үшін Азия чемпионатының бірінші күні медальсыз аяқталды.

Светлана Анкичева (50 келі) қола жүлде үшін белдесуде моңғолиялық Мунхнар Баямбасуренмен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіліп қалды. Гүлдана Бекеш (59 келі) Әлем чемпионатының қола жүлдегері Се Мэньюйден (Қытай) ұтылды. Ал Ирина Казюлина (68 келі) қола медаль үшін күресте үндістандық Манси Латерге есе жіберді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie