IBSA Judo Astana Grand Prix: Бірінші күннің қорытындысы
23-24 қараша аралығында пара дзюдодан Астанада өтіп жатқан Grand Prix бәсекесінің алғашқы жарыс күнінде 9 салмақта жүлде үлестірілді. Қазіргі сәтте бейтарап спортшылар 4 алтын иеленіп, көш бастап тұр. Одан бөлек, Испания, Грузия, Ұлыбритания, Қырғызстан, Германия елдері де бір алтыннан еншіледі.
Ал Қазақстан атынан сынға түскен спортшыларымыз 4 күміс, 4 қола жеңіп алды.
“IBSA Judo Astana Grand Prix - 2024 жылдың ресми соңғы жарысы. Бірақ бұл Лос-Анджелес Паралимпиада ойындарына қатысу үшін, ұпай үлестірілетін алғашқы турнир. Бәсекеде 18 жерлесіміз жүлдеге таласуда. Барлығынан үміт күтеміз. Кейбіреулері үшін бұл бірінші халықаралық турнир. Олардың тәжірибе жинауына үлкен мүмкіндік. Ал Париж Паралимпиадасының бірнеше қатысушысына жарақаттарын емдеу мақсатында қысқаша демалыс берілді”, - деп Пара дзюдодан ұлттық құрамасының бас бапкері Жандос Қиянов та өз пікірін білдірді.
Бейтарап - 4 алтын
Испания - 1 алтын
Грузия - 1 алтын
Ұлыбритания - 1 алтын
Қырғызстан - 1 алтын
Германия - 1 алтын
Күміс. J1 - 46 келі. Айназ Құралова
Күміс. J1 - 52 келі. Альфия Тілекқабыл
Күміс. J1 - 64 келі. Айдын Мүтәліп
Күміс. J2 - 81 келі. Ғалымжан Смағұлұлы
Қола. J1 - 46 келі. Салтанат Ақпақова
Қола. J1 - 52 келі. Елнара Әбдіназарова
Қола. J1 - 70 келі. Асылан Нұрдәулетов
Қола. J1 - 81 келі. Бауржан Арстанбеков
Хоккей
Бүгін 04:02
Формула-1
Бүгін 02:34
Баскетбол
Бүгін 02:18