Хохфильцендегі Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық биатлоншылар үздік нәтиже көрсете алмады
Аустрияның Хохфильцен қаласында биатлоннан Әлем кубогының екінші кезеңі аясында әйелдер арасындағы спринттік жарыс өтті.
7,5 шақырымдық қашықтықта қазақстандық спортшыларымыз қарапайым нәтиже көрсетті: Ольга Полторанина 72-орынды, Полина Егорова 89-орынды, ал Галина Вишневская-Шепоренко 96-орынды иеленді.
Жарыстың жеңімпазы германиялық Франциска Пройс болды. Күміс жүлдені франциялық Софи Шово, ал қола медальді норвегиялық Каролин Оффигстад Кноттен жеңіп алды.
Ерлер арасында 10 шақырымдық спринт өтті. Өкінішке қарай, қазақстандық биатлоншылар жоғары нәтижеге қол жеткізе алмады. Ең үздік нәтиже көрсеткен Вадим Куралес 61-орынға тұрақтады. Асет Дюсенов 76-орынды иеленсе, Владислав Киреев 89-орыннан көрінді, ал Кирилл Бауэр 97-орында жарысты аяқтады.
Ерлер арасындағы жарыста бес дүркін олимпиада чемпионы, норвегиялық Йоханнес Бё жеңімпаз атанды. Екінші орынды оның отандасы Стурла Холм Легрейд иеленді, ал үшінші орын француз Фабьен Клодқа бұйырды.
Бокс
Бүгін 01:08