Гұсман Қырғызбаев Азия чемпионатына неге бармайтынын айтты


Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев сәуір айының соңында Таиландта өтетін Азия чемпионатына қатыспайтын болды.
Еске салсақ, бір айдай уақыт бұрын еліміздің дзюдо федерациясы Азия біріншілігіне баратын дзюдошылардың тізімін жариялаған. Олардың арасында Ғұсман да бар еді. Алайда, жуырда бірнеше балуанның тізімнен алынып тасталғаны белгілі болды.
Біз мәселенің мән-жайын Қырғызбаевтың өзі ашып айтты:
«Иә, жыл басында мен ұлттық құрамамен бірге оқу-жаттығу жиындарына қатыстым. Сол уақытта бапкерлердің шешімімен Азия чемпионатына баратындардың тізіміне ендім. Алайда, мен бабыма келмегенімді біліп, бұл жарысқа барудан бас тарттым. Олимпиададан кейін 6 ай бойы спорттан алыстап, толықтай демалдым. Сондықтан, санаулы уақытта бабыма кіру қиын болып жатыр», - деді Ғұсман Қырғызбаев.
Айта кетейік, Азия чемпионатына Абиба Әбужақынова, Мағжан Шамшадин, Абылайхан Жұбаназар да бармайтын болды. Бастапқы тізімде үшеуі де болған.
Ғұсман Қырғызбаев: Олимпиадаға турист болып бара жатыр деп көп айтатын жұрттар

Футзал
Бүгін 07:30

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42