Гимнастшыларымыз күміс жүлдеге ие болды
Отандас гимнастшылар Қытайда өткен халықаралық чемпионатта күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпарат агенттігі.
Гонконгте эстетикалық топтық гимнастикадан IFAGG Asian Trophy және “Hong Kong Cup” халықаралық турнирі аяқталды. Бұл әлемнің ең мықты командалары жиналған ең беделді ареналардың бірі. Турнирге 13 елден 55 команда қатысты.
“ASTERA” командасы көркем және эстетикалық гимнастикадан Гонконгтегі халықаралық чемпионатта 12-14 жас аралығындағы қысқа бағдарламада жақсы нәтиже көрсетіп, спортшыларға құрмет тұғырының екінші сатысынан орын алды.
Команда құрамында: Самира Таубаева, Айя Амангелді, Әсел Бегалы, Малика Бирімжар, Айя Елеусінова, Рамина Рахымбаева, Лунара Қалтаева және команданың капитаны Жасмин Жұманова бар.
Турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысты. Бұл санатта жеңіске Қазақстан, Ресей және Сингапурдың гимнастшылары таласты.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52