Геннадий Головкин 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінде болды
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин жұмыс сапарымен 2028 жылғы Олимпиада ойындарын ұйымдастырып жатқан Лос-Анджелеске (АҚШ) барып, ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҰОК.
Кездесу барысында алдағы Олимпиада ойындарына қатысушыларға жасалатын жағдайлар мен Қазақстан мен АҚШ арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды. Әсіресе олимпиадалық инфрақұрылымның сапасы мен ұйымдастыру комитетінің спортшыларға көрсететін қолдауы басты назарда болды. Қазақстан ҰОК басшысы алдағы Олимпиаданың спорт тарихындағы маңызды кезең болатынына және халықаралық спорттық байланыстарды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
“Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетіне бізге уақыт бөліп, ауқымды спорттық шараны өткізуге қатысты құнды ақпарат ұсынғаны үшін алғыс айтамыз. Бұл сапар екіжақты тиімді ынтымақтастық орнатуға деген дайындықты көрсетеді”, — деді Геннадий Головкин.
Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті Қазақстан делегациясына жарыстар өтетін басты инфрақұрылым нысандарын, соның ішінде Олимпиада ауылын және спорттық ареналарды таныстырды. Сондай-ақ, 2028 жылғы Олимпиада өкілдері ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы тәжірибелерімен бөлісіп, енгізілген жаңа инновациялар туралы мәлімет берді.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті алдағы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетімен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруды көздейді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52