Фристайл-могулдан 2 спортшымыз үздік ондыққа кірді
30 - қараша Финляндияның Рука курортында фристайл-могулдан Әлем Кубогының кезеңі өтті.
Отандасымыз Юлия Галышева, Аяулым Әмренова мен Анастасия Городко іріктеуде үздік 16 спортшының қатарына қосылып, шешуші кезеңге жолдама алды.
Кейін жалпы есепте Анастасия Городко 7-ші орынға тұрақтаса, команда көшбасшысы Юлия Галышева 8-ші, Аяулым Әмренова 12-сатыға табан тіреді.
Финал-1 (TОП-16):
Анастасия Городко - 71.44 ұпай
Юлия Галышева - 71.37 ұпай
Аяулым Әмренова - 69.40 ұпай (бүгін туған күні)
Осы жарыс күні барлығы жарыс жолына 37 спортшы шықты. Рукадағы жарыс нәтижесінде Анастасияға 7-орын үшін FIS рейтингінде 360 ұпай, Юлияға 320, ал Аяулымға 220 балл қосылды.
Биатлон: Қазақстандық спортшылар маусымды 23-орынмен бастады
Бокс
Бүгін 06:39
Хоккей
Бүгін 04:27