Евгений Кошкин қытайлықтың нәтижесін жаңартып, әлемдік рекорд орнатты


Астанада өтіп жатқан конькимен жүгіруден Қысқы спартакиада аясында Қазақстан құрамасының жетекші спринтерлерінің бірі Евгений Кошкин 100 метрлік қашықтықты 9,31 секундта жүгіріп өтіп, жаңа бейресми әлемдік рекорд орнатты. Бұған дейін бұл көрсеткіш Қытай спортшысы Гао Тинюйге тиесілі болатын (9,32 секунд).
100 метрлік қашықтық Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының ресми бағдарламасына кірмейді. Дегенмен, ол ұлттық және коммерциялық деңгейдегі жарыстарда кеңінен қолданылады және спринтерлік бағыт ретінде белсенді дамып келеді.
Бұл нәтиже Евгений Кошкиннің халықаралық деңгейдегі тұрақты прогресін тағы бір мәрте дәлелдеді. 20 наурызда ол Нидерландта өткен беделді Zilveren Bal турнирінде 100 метр қашықтықта алтын жүлде жеңіп алған болатын.

Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:29