Еуропа чемпионатында ресейлік шенеунік пен Албания балуаны төбелесіп қала жаздады


Словакияда күрес түрлерінен өтіп жатқан Еуропа чемпионатының марапаттау рәсімінде кикілжің орын алды. Еркін күрестен 74 келіде чемпион атанған Албания балуаны Чермен Валиев өзіне марапатты табыстаған Ресейдің күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвилимен ерегесіп қалды.
Аталған сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда ресейлік шенеуніктің албан балуанының мойнына медальді тағып жатып әлденені айтқаны анық байқалады.
Михаил Мамиашвили Албания атынан күресетін балуанды «сатқын» деп жазғырып, бағалағаттаған көрінеді. Бұл жайт марапаттаудан бұрын да басталған. Осыдан кейін Валиев марапаттау рәсімінде эмоцияға ерік берген.
Чермен Валиев – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол Ресейде туып, кейін Албания атынан күресу үшін сол елдің азаматтығын қабылдаған. Балуан финалда өзінің қандасы (екеуі де осетин), Токио Олимпиадасының чемпионы Заурбек Сидаковты 4:2 есебімен жеңген болатын.

Футбол
Бүгін 06:03
