Ержет Жарлықасын Тиранада өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Басқа спорт түрлері
29 қаз 2024 14:36
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Ержет Жарлықасын Тиранада өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазақстандық балуан Ержет Жарлықасын Әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
Спортшы Албанияның Тирана қаласында өткен турнирде екінші орынға ие болды.
Грек-рим күресінің өкілі 63 килограмм салмақта бақ сынады. Финалда ол әзербайжандық Нихат Мамедлимен кездесті. Қазақстандық бірінші болып ұпай жинағанымен, басымдығын сақтай алмай, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.
Бұл – Жарлықасынның Әлем чемпионатындағы алғашқы медалі. Сәуір айында 24 жастағы спортшы осы салмақта Азия чемпионы атанған болатын.
Сондай-ақ, сол күні қазақстандық Жәмила Бақбергенова финалға жолдама алды. Сәрсенбі күні ол 72 килограмм салмақта жапониялық Ами Исимен алтын жүлде үшін күреседі.
Танымал жаңалықтар
ММА
Бүгін 14:44