locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Ержан Біржанов - Қазақстан триатлон федерациясының жаңа президенті

Басқа спорт түрлері 22 сәу 2025 10:00
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Ержан Біржанов - Қазақстан триатлон федерациясының жаңа президенті
ФОТО: Ержан Біржанов

Астанада Қазақстан триатлон федерациясының кезектен тыс конференциясы өтіп, ұйымның жаңа президенті сайланды. Бұл жауапты қызметке бірауыздан Ержан Ерікұлы Біржанов тағайындалды. Ол бұған дейін Федерацияның бірінші вице-президенті қызметін атқарған. Ал бұрынғы басшы Дәурен Әділбеков өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.

Конференция жұмысына ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, Ұлттық олимпиадалық комитет өкілдері мен өңірлік федерация басшылары қатысты. Жиын барысында 2023–2024 жылдарға арналған есеп тыңдалып, Федерация қызметінің тиімділігін арттыру және мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

Серік Жарасбаев Дәурен Әділбековке триатлонды дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, жаңа басшы Ержан Біржановты құттықтады7

«Федерация алдында ауқымды міндеттер тұр. Бұл бағытта сенімді және кәсіби команда жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп сенемін. Министрлік тиісті қолдау көрсетуге дайын және әрдайым ашық диалогқа әзір», – деді ол.

Жақында Гонконгте өткен Азия чемпионатында (спринт) қазақстандық триатлоншылар бақ сынады. Ерлер арасындағы бәсекеде Егор Крупяков ел намысын абыроймен қорғап, сегізінші орынға ие болды. Бұл нәтиже отандық триатлонның даму қарқынының айқын көрсеткіші саналады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie