Еркін күрестен ұлттық құрама Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады
Басқа спорт түрлері
30 нау 2025 23:29

Асылхан Тоқсанбек
Редактор

ФОТО: UWW
29-30 наурыз күндері Иорданияда еркін күрестен Азия чемпионаты өтті.
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздік үштікке енді. Отандастарымыз бір алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды.
Турнирдің жеңімпазы төрт алтын, бір күміс, төрт қоламен Иран құрамасы атанды. Ал Жапония үш алтын, үш қола медаль еншілеп, екінші орынға тұрақтады.
Соңғы жарыс күнінде Нұрқожа Қайпанов (74 кг) чемпион атанды. Болат Сақаев (86 кг) күміс, ал Азамат Дәулетбеков (92 кг) қола жүлдеге ие болды.
29 наурызда Ризабек Айтмұхан күміс, Рахат Қалжан қола медаль жеңіп алды. Осылайша, Мадияр Құрамысовтың шәкірттері жарысты бес жүлдемен аяқтады.

Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 06:03

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек