Эльмира Сыздықова 2025 жылғы үшінші жарысында жеңімпаз атанды
Басқа спорт түрлері
17 ақп 2025 04:55

Наурызбай Қанатұлы
sports24 сарапшы

Фото: olimpic.kz
Күрестен Қазақстан әйелдер командасы Минск қаласында (Беларусь) өткен үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведтің құрметіне арналған дәстүрлі халықаралық турнирге қатысты.
Қазақстан 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль еншіледі.
Алтын медальді Жәмилә Бақбергенова (72 келіге дейін) мен Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) жеңіп алды.
Айта кетейік, Эльмира биылғы үшінші жарысында топ жарды. Бұған дейін Ницца мен Красноярскіде өткен жарыстарда алтын алған болатын.
Күміс медальді Ирина Кузнецова (59 келіге дейін) иеленді.
Қола медальға Зейнеп Баянова (53 келіге дейін), Зульфия Яхъярова (55 келіге дейін), Тыныс Дүбек (62 келіге дейін) және Елена Шалыгина (65 келіге дейін) ие болды.
Танымал жаңалықтар

Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:45


Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:30
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек