locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Елдос Сметовтың бапкері айына 4 млн теңге алады

Басқа спорт түрлері Бүгін 11:15
Марлен Аманов
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
Елдос Сметовтың бапкері айына 4 млн теңге алады
ФОТО: Getty Images

Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Елдос Сметовтың жаттықтырушысы ай сайын 4 млн теңге қосымша жалақы алады. Осы аптада өткен Жамбыл облыстық мәслихатының сессиясында осындай шешім қабылданды. Бұл туралы kaz.inform.kz тілшісі жазды.

Ғалымжан Жылгелдиевтің жалақысы қыркүйек айынан бастап 4 млн теңге қосылды. Бұл Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі бұйрығына сәйкес жүзеге асты.

Жамбыл облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мамандары бұл - спортшылардың әлемдік додаларда жүлде алуына байланысты жалақысына автоматты түрде қосылатын төлем екенін айтады.

Ал, Елдос Сметовтың жалақысына әл-әзірге ешқандай ақша қосылған жоқ. Сметов облыс әкімінің қаулысына сәйкес ең жоғары жалақы - 2 684 000 теңге алады.

Енді Жамбыл облыстық спорт басқармасы қаулыға өзгерістер енгізіп, чемпионның да жалақысын көтеруге қадамдар жасап жатыр. Бұл келесі жылдан бастап іске асуы мүмкін.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie