locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елдос Сметов: "Лос-Анджелестегі Олимпиадаға дайындаламын"

Басқа спорт түрлері 28 там 2024 10:39
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Елдос Сметов: "Лос-Анджелестегі Олимпиадаға дайындаламын"

2024 жылғы Олимпиада чемпионы Елдос Сметов спорттық мансабын аяқтауды жоспарлап отырған жоқ. Ол 2028 жылғы Олимпиада ойындарында да өнер көрсеткісі келеді.

«Бұрын мен Олимпиадада алтын алып, спорттық мансабымды аяқтауды ойлаған едім. Бірақ Демеу Жадыраев 34 жасында Олимпиада ойындарында күміс медаль алғаннан кейін, менің пікірім өзгерді. Демеу мүмкін емес нәрсе жоқ екенін дәлелдеді. Енді Лос-Анджелестегі Олимпиадаға дайындалып, көк туымызды тағы да биікке көтергім келеді», - деді Елдос Сметов.