Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиадаға қатысуға ниетті екенін және болашаққа жоспарларымен бөлісті
Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиадаға қатысу ниеті туралы айтты. Бұл туралы ол "Үздік" жыл сайынғы сыйлығын тапсыру рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.
Сыйлықтарды ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыстады.
"Қазіргі уақытта мен мемлекеттік қызметке бет бұрмаймын, себебі мен – белсенді спортшымын, менде спортшы ретінде өзіме қойған мақсат бар. Осы мүмкіндікті пайдалануым керек. Олимпиада кезінде 35-36 жаста боламын. "Бұндай жаста жүлде алмайды" деген үміттен бас тартуға болмайды. Осы мүмкіндіктің дәлелі ретінде 35 жасында Олимпиада финалына шыққан Демеу Жадыраевтың жетістігін атап өтсем болады. Бір қазақ жетістікке жетсе, екіншісі де солай жасай алады. Менің мақсатым – жас ерекшелігі тек цифрлардың өзгеруі ғана екенін, жастар үшін өмірде барлығы мүмкін екенін дәлелдеу. Әсіресе жастарға үлкен мотивация берген менің үшінші Олимпиадам болды, күрестен кеткендер залға қайтып келді, дзюдо жаттықтырушылары балаларға толған залдар туралы айтады. Бұрын мен қазақтардың Олимпиада чемпионы бола алмайды деп ойлайтынмын, бұл мүмкін емес деп ойлайтынмын. Бірақ ол мүмкін екен", – деп атап өтті Елдос Сметов.
Сонымен қатар, спортшы ағылшын тілін үйрену үшін Англияға баруды, 2027 жылы Қазақстанда өтетін әлем чемпионатына қатысуды және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отыр.
Баскетбол
Бүгін 09:30