Екі қазақстандық могулист чемпионаттың негізгі кезеңіне өтті
Басқа спорт түрлері
18 нау 2025
08:33

Арсен Алиев
Редактор

ФОТО: Getty Images
Швейцарияның Энгадин қаласында фристайл-могулдан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл жарысқа Қазақстан құрамасының атынан үш спортшы – Юлия Галышева, Анастасия Городко және Юлия Феклистова қатысуда.
Квалификация кезеңінің қорытындысы бойынша негізгі жарыстарға өту үшін үздік 20 спортшының қатарына ену қажет болды. Юлия Галышева 9-орынға, ал Анастасия Городко 15-орынға ие болып, келесі кезеңге жолдама алды.
Ал Юлия Феклистова 24-орынмен жарысты аяқтап, негізгі кезеңге өте алмады. Енді Галышева мен Городко әлем чемпионатының жүлделері үшін күресті жалғастырады!
Сондай-ақ оқыңыз: Қазақстандық ски-альпинистер Азия кубогында төрт алтын жеңіп, тарихи жетістікке жетті
Танымал жаңалықтар

Футбол
Кеше 23:21
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек