Егор Шерер ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстанға үшінші медаль әкелді


Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үшінші жүлдесін жеңіп алды. Егор Шерер 12 мамырда қола жүлдені жеңіп алды.
89 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық жұлқа көтеруде (165 келі) үшінші нәтиже көрсетті. Серпе көтеруде (180) және жалпы есепте (345) Шерер төртінші болып келді. Көрсетілімдердің жалпы саны бойынша ол қола медальға қол жеткізді.
Бұл қола Қазақстан құрамасына жалпы командалық есепте үшінші медаль болды. Бұған дейін Петр Хребтов екі қола медаль жеңіп алған болатын.
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 10-орынға табан тіреді. Мамырдың 9-ы мен 15-і аралығында Қытайдың Реншэн қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтуде. Бұл турнирде Қазақстан атынан 15 спортшы – 10 ер және бес әйел құрамасы бар.
Ташкентте өткен соңғы Азия чемпионатында Қазақстан екі күміс медаль жеңіп алды - олардың жеңімпаздары Сайрамкез Ақмолда (67 келі) мен Александр Уваров (81 келі) болды.

Футбол
Бүгін 14:38


Футбол
Бүгін 13:52