Дзюдошы Жансай Смағұлов спорттық мансабын аяқтап, бапкерлік қызметті бастады
Қазаөстандық атақты дзюдошы Жансай Смағұлов (73 кг) спорттық мансабын аяқтап, бапкерлік қызметпен айналысуға шешім қабылдады.
Қарағандылық спортшы үшін соңғы жарыс Аустрияның Линц қаласында өткен Әлемдік Гран-при кезеңі (8-10 наурыз) болды. Сол жерде Жансай алғашқы айналымда мексикалық Улисес Мендесті жеңгеннен кейін, жарақат алып, жарысты жалғастыра алмады. Осыған байланысты Смағұлов татамиден топ-деңгейдегі спортшы ретінде кетуге мәжбүр болды.
Жансай Смағұлов – үш рет Әлемдік Гран-при кезеңінің жеңімпазы (2015, 2017, 2018), екі рет Әлемдік Гран-при кезеңінің қола жүлдегері (2016, 2017), Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2016, 2017), “Үлкен дулыға” кезеңінің екі мәрте финалисі (2020, 2021), “Үлкен дулыға” кезеңінің қола жүлдегері (2022). Қазақстан Республикасының спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Екі Олимпиадаға (2016, 2021) және бір Азия ойындарына (2018) қатысты.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49