locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дзюдо: Grand Slam 2025 турнирі Астанада өтеді

Басқа спорт түрлері 17 қыр 2024 14:11
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Дзюдо: Grand Slam 2025 турнирі Астанада өтеді

Дзюдодан Grand Slam турнирі тағы да Астанада өтеді!

Турнир келесі жылдың 9-11 мамырына жоспарланған және 13-20 маусым аралығында Венгрияда өтетін әлем чемпионаты алдындағы соңғы ірі оқиға болмақ. Демек, көптеген дзюдо жұлдыздары әлем чемпионатына тікелей ат басын бұрады, ал Қазақстандағы турнирге қатысу олар үшін маңызын жоғалтуы мүмкін.

Еске салайық, Қазақстанда 2023-2026 жылдар аралығында еліміздің екі ірі қаласы – Астана мен Алматыда Grand Slam сериясының төрт турнирі өтетіні хабарланған болатын.

Қазіргі уақытта Астанада екі турнир өтті, үшінші турнирі тағы да елордада өтеді. Алматыда бұл серия бойынша әлі бірде-бір турнир өткен жоқ.