Дәурен Сүйеукенов Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлдегері атанды
Мағжан Шамшадин мен Дәурен Сүйеукенов Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін кездесті.
Қола жүлде үшін өткен қазақстандық дербиде Сүйеукенов басым түсіп, 2,5 минут ішінде иппонмен мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, Абу-Даби астанасында өткен жарыстың қола жүлдегері атанды. Мағжан Шамшадин өз қарсыласына есе жіберіп, бесінші орынға ие болды. Бұл салмақ дәрежесінде чемпиондық атақты бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Изнаур Саев жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы алғашқы жарыс күнінде екі қола медаль жеңіп алды. Бұған дейін 48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін кездесуде жеңіске жеткен Әбиба Әбужақынова команда қоржынын толықтырды. Grand Slam кезеңі Абу-Дабиде 13 қазанға дейін жалғасады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52