locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: бесінші күннің қортындысы

Басқа спорт түрлері 12 қыр 2024 11:47
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: бесінші күннің қортындысы
ФОТО: worldnomadgames.kz

Қазақстанның спортшылары Астанада өткен Көшпенділер ойындарының соңғы күнінде 5 алтын, 7 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Осылайша, бесінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынына 14 медаль түсті.

Қазақстан құрамасы көкпардан алтын алды, финалда Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңді. Ал көкбөріде қазақстандықтар күміс жүлдеге ие болды, Қырғызстан 10:4 есебімен жеңіске жетті.

Теңге ілуде Қазақстан екі алтынды қанжығасына байлады. «Бес белес» стилінде Бекнұр Серіков, ал «қос құлаш» стилінде Рахат Камбаров жеңіске жетті.

Дәстүрлі садақ атудан командалық жарыста Қазақстан құрамасы финалда Австралияға жол беріп, күміс медаль алды.

Қазақ спортшылары татардың ұлттық күресі — қораш бойынша да төрт медальға ие болды. Біржан Шаймерденов (90 кг) алтын, Әділет Шалғынбекұлы (65 кг) және Нұрдәулет Жарылғапов (100 кг жоғары) күміс, ал Бекнұр Бектай (75 кг) қола медальді жеңіп алды.

Түріктің ұлттық күресі ашыртмалы аба күресінен де қазақстандықтар үш күміс медаль алды. Оларды Ернұр Сүлеймен (60 кг), Әділет Ахметғали (70 кг) және Айдос Ғалымов (90 кг) иеленді.

Батыс Африка халықтарының зияткерлік ойыны овариде екі қазақстандық спортшы жүлдегер атанды. Әсел Далиева чемпион, ал Ансаған Қожанасып қола жүлдені иеленді.

Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық құрамасы қырғыз халқының ұлттық ойыны ордода финалға шықты. В тобындағы алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Чехияны, жартылай финалда Моңғолияны жеңді. Қазақстан бұл екі ойында да үлкен басымдықпен жеңіске жетіп, «хан» фигурасын шеңберден шығару шеберлігін көрсетті. Бұл ордодағы шеберліктің шыңы болып саналады. Финал 13 қыркүйекте өтеді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie