Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: алғаш рет барлық құрлықтан қатысушылар келеді
Биыл Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді, жарыс басталғанға дейін бірнеше рекордтар орнатылды.
Жарысқа алғаш рет барлық құрлықтан спортшылар қатысады. Ал ең шалғай қатысушы Австралиядан.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев:
"Биыл Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына алғаш рет Бруней-Даруссалам, Либерия, Венесуэла, Ирландия, Доминикан Республикасы және Гамбия сияқты елдер қатысады. Он жылда алғаш рет барлық құрлықтың елдері ойындарға қатысады".
Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы ойындарға 89 елден 2340 спортшы қатысады. Бұл қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарады. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстан астанасында 8-13 қыркүйек аралығында өтеді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52