Диас Жиренбаев Словакиядағы турнирді 13-орынмен аяқтады
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев Словакияның Братислава қаласында өткен “Ондрей Непела мемориалы” турнирінде 13-орынды иеленді.
Қысқа бағдарламадан кейін Жиренбаев үздік ондықты жапқан болатын, алайда еркін бағдарлама нәтижесінде бірнеше орынға төмендеді. Екінші орындауы үшін ол 98,67 ұпай жинап, жалпы 163,00 ұпаймен жарысты 13-орында аяқтады.
Жарыстың барлық жүлдесі италиялық спортшыларға бұйырды: бірінші орынды 267,08 ұпаймен Даниэль Грассль иеленсе, күміс медаль Николай Мемоланың (233,42), ал қола медаль Кори Чирчеллидің (232,26) еншісіне тиді.
Әйелдер арасындағы Непела мемориалының чемпионы болып Оңтүстік Кореядан келген Асун Юн атанды, ал мұз үстіндегі би бойынша алтын медальді Ұлыбритания өкілдері Лайла Фир мен Льюис Гибсон жеңіп алды.
Хоккей
Бүгін 04:02
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:34
Формула-1
Бүгін 02:34