Cерік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке қайта оралады. Бұл туралы Астанада өткен ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау бойынша комиссия отырысында белгілі болды.
Жиында Қарағанды және Павлодар облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармаларына басшы болуға ұсынылған кандидаттардың есімдері қаралды.
Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің, ал Павлодар облысының спорт басқармасының басшысы қызметіне Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашевтың кандидатурасы ұсынылып, комиссия мүшелері бірауыздан мақұлдады.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуінде әрбір өңір қандай спорт түрін дамыту керектігіне қатысты шешімді дербес қабылдайтынын сынға алған болатын. Осыған орай, Президент спорт саласындағы барлық деңгейдегі басқару вертикалін қалпына келтіру жөнінде Үкіметке нақты тапсырма берді. Енді облыстық спорт басқармаларының басшылығына ұсынылған үміткерлер ҚР Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның келісімімен жүзеге асырылады”, – деді Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады және Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды ғана тағайындауға тиіс.
Хоккей
Бүгін 04:02
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:34
Формула-1
Бүгін 02:34