locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Бразилияда өткен шахматтан ӘЧ-да қазақстандық жасөспірімдер күміс пен қола жүлдені еншіледі

Басқа спорт түрлері 11 қара 2024 00:28
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Бразилияда өткен шахматтан ӘЧ-да қазақстандық жасөспірімдер күміс пен қола жүлдені еншіледі
ФОТО: Қазақстан шахмат баспасөзі

Қазақстан құрамасының жасөспірімдер өкілдері Бразилияда өткен Әлем чемпионатында күміс және қола медальдерге қол жеткізді.

Әлемдік біріншілік 29 қазан мен 9 қараша аралығында Бразилияның Флорианополис қаласында U14 - U18 жас санаттары бойынша өтті. Қазақстандық шахматшылар ел қоржынын үш күміс және бір қола медальмен толықтырып, өткен жылғы көрсеткіштерін жақсартты. 14 жасқа дейінгі категорияда күміс медальді халықаралық шебер (IM) Эдгар Мамедов иеленді. 18 жасқа дейінгі қыздар арасында халықаралық әйелдер шебері (WIM) Әмина Қайырбекова күміс жүлдегер атанды, ал IM Алдияр Ансат 18 жасқа дейінгі санатта күміс медаль алды. 14 жасқа дейінгі санатта қола жүлдеге IM Сауат Нұрғалиев ие болды.

Жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына 63 елден 500-ден астам шахматшы қатысты, олардың қатарында 1 гроссмейстер (GM), 1 әйелдер гроссмейстері (WGM), 22 халықаралық шебер(IM) және 4 халықаралық әйелдер шебері(WIM) бар. Турнирде Қазақстан атынан 20 шахматшы, оның ішінде жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы, гроссмейстер Антон Филиппов жетекшілік етті.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie