Бүкіләлемдік көшпенділер ойыны: Жамбы атудан әлем чемпионы басты қарсыластарды атады
Айкөз Ералхан - жамбы атудан әлем чемпионы бүкіләлемдік көшпенділер ойыны жайлы пікірімен бөлісті.
"Біз өзіміздің ойынға деген жаттығуымызды жалғастырып жатырмыз, өзіміздің шеберлігімізді көрсету үшін осы жарысты күтіп жүрміз. Біздің спорт түріне 20-дан астам елден спортшылар келеді деп күтілуде, жарыстағы бәсекелестік үлкен дәрежеде болады" - Айкөз Ералхан.
Ералхан жамбы атудан Қазақстан құрамасында кім бәсекелес болатынын айтты:
"Біздің басты қарсыластар Индонезия Малайзия, Моңғолия елдерінің өкілі. Еуропаның бірнеше мықты спортшылары да бар. Бәрімен кездескенбіз, бәрін танимыз, қызық болғалы тұр".
Оған қоса, жамбы-атудан Қазақстан құрамасы 8 қыркүйек күні басталатын көшпенділер ойыны алдында ашық жаттығу өткізді.
Жамбы ату спортында шабандоздар ат үстінде садақпен мүсінді тигізіп құлату керек.
Естеріңізге салсақ, ҚР президенті осыдан алдын құраманың дайындығы және Астананың көшпенділер ойынына деген дайындығын тексеру ретінде жиын өткізді.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49