locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Біржан Имаханов әлем чемпионатында екі алтын медаль алуды көздейді

Басқа спорт түрлері 08 қара 2024 02:07
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
sports24 сарапшы
Біржан Имаханов әлем чемпионатында екі алтын медаль алуды көздейді
ФОТО: kazsports.kz

6-11 қараша аралығында Астанада спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеіп жатыр.

Жарыстан бұрын Ұлттық құраманың бас бапкері Біржан Имаханов Қазақстанның Ұлттық құрамасы жаттығу жиындарын аяқтап, чемпионатқа толық дайын екенін айтып, осы турнирге арналған жоспары туралы пікірін білдірді.

“Қазақ самбосының әлемдік аренадағы орны ерекше. Жетекші елдердің бәрі бізбен санасады. Еліміздегі әлем чемпионатында Ұлттық құрамамыз 2 алтын медаль алып, жалпы есепте үздік үштікке енеді деп сенеміз. Спортшыларымыз осы мақсатқа жету үшін дайын. Жаттығу-жиынының бәрі ойдағыдай өтті”,-деді Біржан Имаханов деп айтты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Жарыс елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Жекпе-жек" спорт сарайында өтіп жатыр. Чемпионатты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.

Былтыр самбодан 48-әлем чемпионаты Армения астанасы Ереванда өткен. Ол кезде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 5 қоламен жалпы есепте 3-орынға тұрақтаған. Ал осыған дейін Астанада 2005 жылы 11-14 қарашада спорттық самбодан әлем чемпионы өткен. Қазақстан 1 алтын, 3 күміс, 6 қола медаль жеңіп алған.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie