Бибісара Асаубаева Шымкентте көш бастады: бірінші орын үшін шешуші тартыс алда
Шымкентте әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің 2024/25 маусымының екінші кезеңі жалғасуда. Қазіргі уақытта екі тур аяқталды, және олардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева бірінші орында тұр.
Қазақстандық шахматшы 1,5 ұпай жинап, болгариялық Нургул Салимованы жеңіп, ресейлік Александра Горячкинамен тең нәтижелі ойын көрсетті. Асаубаевамен ұпай саны бір тағы екі шахматшы бар – Ставрула Цолакиду (Грекия) және Тан Чжунъи (Қытай). Алайда, қосымша көрсеткіштер бойынша біздің спортшы алда тұр.
1 қарашада өтетін үшінші турда көшбасшылардың бетпе-бет кездесуі күтілуде – Асаубаева Цолакидумен бақ сынасады.
Еске сала кетейік, Грузияның Тбилиси қаласында өткен алғашқы кезеңнен кейін Бибісара Асаубаева FIDE Гран-приінің жалпы кестесінде екінші орында тұр.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52