locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Бибісара Асаубаева көшбасшылық орнын жоғалтты: Горячкина Шымкенттегі турнирде көш бастап тұр

Басқа спорт түрлері 06 қара 2024 02:49
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Бибісара Асаубаева көшбасшылық орнын жоғалтты: Горячкина Шымкенттегі турнирде көш бастап тұр
ФОТО: fide_chess

Шымкентте әйелдер арасындағы Гран-придің екінші кезеңі өз жалғасын тауып жатыр. 5 қарашада өткен 6-шы турда Қазақстан құрамасының үміт артатын көшбасшысы, Бибісара Асаубаева осы турнирдегі алғашқы жеңілісіне тап болды.

4 қарашада Гран-придің барлық 10 қатысушысы бір күндік тынығуға мүмкіндік алып, күш жинаған еді. Алайда демалыстан кейінгі партияда Бибісара қара фигуралармен ресейлік шахмат шебері Екатерина Лагноға есе жіберді. Бұл жеңіліс оның көшбасшылар қатарынан тыс қалуына себеп болып, қазіргі уақытта 3,5 ұпаймен 4-ші орынға жайғастырды.

Бибісараның отандық турнирдегі қалған үш шешуші партияға деген дайындығы жалғасып жатқанда, көшбасшылық басына бірте-бірте ресейлік гроссмейстер Александра Горячкина шығып, турнир кестесінде өз орнын бекітті. Соңғы төрт партиясында толассыз жеңіске жеткен ол қазір 5 ұпаймен Шымкент Гран-придің жалғыз көшбасшысы атанып отыр.

Қазіргі таңда алғашқы үштік қатарында Ставрула Цолакиду (Грекия) мен Тан Чжунъи (Қытай) да орын тепкен. Екеуінің де еншісінде 4 ұпайдан бар.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie