locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Биатлоннан ел Спартакиадасы: алғашқы медальдар сарапқа салынды

Басқа спорт түрлері 27 нау 2025 23:16
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
ФОТО: Қазақстан Биатлоншылар Одағы

27 наурызда Щучинскіде биатлоннан Қазақстан Спартакиадасы басталды.

Жарыстар қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлық орталығында өтуде. Алғашқы күні аралас эстафеталарда (1+1 және 2+2) жүлделер сарапқа салынып, елдің тоғыз өңірінен келген командалар бақ сынады.

Жекелей аралас эстафетада Шығыс Қазақстан облысының өкілдері Ольга Полтаранина мен Никита Акимов жеңіске жетті. Екінші орынды Ақмола облысының спортшылары Вадим Куралес пен Арина Крюкова иеленді. Үздік үштікті Абай облысының құрамасы – Галина Вишневская-Шепоренко мен Кирилл Бауэр түйіндеді.

2+2 форматындағы эстафетада Ақмола облысының командасы (Данил Червенко, Александр Мухин, Полина Егорова, Алина Скрипкина) топ жарды. Күміс жүлде Алматы облысының спортшыларына (Асет Дюсенов, Ержанат Куандық, Айша Ракишева, Милана Генева) бұйырса, қола медальды Шығыс Қазақстан облысының өкілдері (Иван Дарьин, Артем Афанасьев, Софья Унжакова, Елизавета Белецкая) еншіледі.

28 наурызда жарыс бағдарламасы әйелдер спринтімен жалғасады.

25 наурызда VI қысқы Спартакиаданың шаңғы жарыстарындағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie