Берндегі семсерлесуден Әлем чемпионатында Ерлік Сертай 1/8 финалға шықты
Қазақстандық семсерлесуші Ерлік Сертай Швейцарияның Берн қаласында өткен Әлем чемпионаты кезеңінде 1/8 финалға дейін жетті.
26 жастағы спортшы іріктеу кезеңінде Гонконг, Канада, Израиль және Аустрия спортшыларын сенімді түрде жеңіп шықты, бірақ украиналық және мажарстандық қарсыластарына есе жіберді. Плей-офф кезеңінде Сертай костарикалық Брэдли Джонстон Лейерді (15:8), испандық Рауль Саррионы (15:10), француз Лино Эрлен-Васкесті (15:6) және Александр Барденені (15:10), сондай-ақ Гонконг өкілі Фонг Хой Суньды (15:6) тізе бүктірді.
1/8 финалда Ерлік Сертай қытайлық семсерлесуші Чжан Синькюнге 5:6 есебімен жол берді. Бұл кезеңнің жеңімпазы мажарстандық Мате Кох болды, ол финалда италиялық Джакомо Паолиниді 15:9 есебімен жеңіп, топ жарды.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20