locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Балуан Евгений Поливадов анасының емі үшін елден көмек сұрады

Басқа спорт түрлері 10 қаң 2025 07:59
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
sports24 сарапшы
Балуан Евгений Поливадов анасының емі үшін елден көмек сұрады
Фото: kazakhstan__wrestling

Грек-рим күресінен ұлттық құрама мүшесі Евгений Поливадов үндеу жариялап, елден анасының еміне көмектесуін өтінді.

Белгілі спортшыға достары да қолдау көрсетіп, оның үндеуін әлеуметтік желіде жариялаған.

“Менің осы үндеуді жариялауыма отбасымдағы мына жайт себеп болып отыр. Анам Ирина Поливадова 2023 жылы қатерлік ісік дертіне шалдықты. Сол жылы ақша жинап, ота жасаттық. Бәрі сәтті өткенімен, кейін тағы ауырып қалды. Қазір біз анамды емдеу сатысындамыз. Түрік дәрігерлерінің көмегіне жүгініп отырмыз. Бұған жобамен 12 млн теңге ақша қажет”, - деді Евгений Поливадов.

Евгений Поливадов 2024 жылы Астанада өткен ел чемпионатында 82 келіде топ жарған болатын. Ол 2019 жылы жастар арасында Венгрияда өткен әлем чемпионатында қола жүлде иеленген. Балуан былтыр Тиранада өткен әлем біріншілігіне қатысып, іріктеу кезеңінде Түрікменстан балуанын ұтты. Алайда екінші айналымда өзбекстандық спортшыға ірі есеппен жол берді.

Пікірлер
Тек тіркелген пайдаланушылар пікір қалдырып, оларға жауап бере алады
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie