Баллерини «Тур де Швейцарияның» кезеңінде екінші орын алды: Жеңісті барьерлер кесірінен жіберіп алды


«XDS Astana Team» командасының италиялық велошабандозы Давиде Баллерини «Тур де Швейцария» көпкүндігінің алтыншы кезеңінде мәре сызығын екінші болып кесіп өткен соң әсерімен бөлісті.
– «Жеңіске жете алмағаныма өкінішті. Финалда өзімді өте жақсы сезіндім, жеңіске өте жақын болдым. Бірақ мәреге жақындаған сәтте трассаның оң жақ шетінде маған кедергі келтірілді, сол себепті баяулап, қайта екпін алу керек болды. Сол бірнеше сәттік кідіріс шешуші рөл атқарған сияқты», – деп келтіреді шабандоздың сөзін қазақстандық команданың баспасөз қызметі.
Аталған кезеңде бірінші орынды Red Bull-BORA-hansgrohe командасының өкілі Йорди Мейс иеленді. Үшінші орын Groupama-FDJ шабандозы Льюис Аскиге бұйырды.
Баллерини маусым бойы тамаша формада екенін дәлелдеп келеді және қазіргі таңда «Астана» командасының басты көшбасшыларының бірі саналады.

