locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Бағлан Қуаныш күрестен жастар арасындағы ӘЧ-де медаль үшін таласу мүмкіндігін сақтап қалды

Басқа спорт түрлері 23 қаз 2024 00:58
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО:  olympic.kz
Бағлан Қуаныш күрестен жастар арасындағы ӘЧ-де медаль үшін таласу мүмкіндігін сақтап қалды

Сейсенбі күні Албанияның Тирана қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасты. Күн қорытындысы бойынша бір ғана қазақстандық спортшы медальға таласу мүмкіндігін сақтап қалды.

Сейсенбіде грек-рим күресінің бес салмақ дәрежесі бойынша балуандар жарысқа шықты. Қазақстандықтардан медальға таласу мүмкіндігін Бағлан Қуаныш (87 кг дейін) сақтап қалды. Ол іріктеу кезеңінде нидерландтық Марсель Стеркенбургке есе жіберді. Кейінірек Қуаныштың қарсыласы финалға шығып, қазақстандық балуанға жұбаныш раундында өнер көрсету мүмкіндігін берді. Бағлан қола медаль үшін күресін түрік Самет Ялдыранға қарсы бастайды. Егер Қуаныш түрікті, содан кейін грузин Ачико Болквадзе жеңсе, медальді ирандық Ясин Али Яздимен сарапқа салады. Бұл салмақ дәрежесіндегі жұбаныш және финалдық кездесулер 23 қазанда өтеді.

Тағы төрт қазақстандық сейсенбі күні жарысқа шықты, бірақ медальға таласу мүмкіндігінен айырылды. Ербол Камалиев (55 кг дейін) ширек финалға жетті, Нұрсұлтан Базарбаев (63 кг дейін) пен Асылбек Әбдікалық (130 кг дейін) 1/8 финалда жеңіліп қалды, ал Темірлан Қаратай (77 кг дейін) іріктеу кезеңінде жарысты тоқтатты.

Айта кетейік, сейсенбіде Бейбіт Қорғанов жұбаныш раундында жеңіліп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік ала алмады. Жастар арасындағы Әлем чемпионатына 23 жасқа дейінгі спортшылар қатысады. Медальдар 27 қазанға дейін сарапқа салынады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie