Бахтияр Артаев жаңа лауазымға үміткерлер қатарына енді
Бокстан Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев алдағы аптада лауазымды қызметті тізгінін ұстауы мүмкін. Бұл туралы телеграмдағы "Прокадры" арнасы жазды, 1bol.kz хабарлауы бойынша.
Белгілі спорт қайраткері Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына үміткерлер қатарына енген.
Сондай-ақ, алдағы аптада Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облысының спорт басқармаларының басшысы да тағайындалмақ. Әзірге бұл өңірге қандай шенеуніктің бекітілетіні туралы ақпарат жоқ.
Бақтияр Артаев Бейжің Олимпиадасынан кейін Тараз іргесіндегі Айша Бибі ауылына әкім болып, арада бір жылдан кейін облыстың спорт басқармасына басшылыққа келген еді. Ол бұл лауазымды 2009 жылдың қарашасынан бастап 2011 жылдың соңына дейін атқарған болатын. Кейін ол "Астана" президенттік кәсіпқой спорт клубына басшылық жасады.
Естеріңізде болса, өткен аптада Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған еді.
Хоккей
Бүгін 10:33
Басқа спорт түрлері
Бүгін 09:43
Хоккей
Бүгін 07:30