locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бахиева Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында керемет жеңіспен алтын медаль алды

Басқа спорт түрлері 09 қыр 2024 14:29
Денис Кошечкин
Денис Кошечкин
sports24 сарапшы
Бахиева Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында керемет жеңіспен алтын медаль алды

Қазақстандық спортшы Альбина Бахиева Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында күрес бойынша алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды meta-ratings.kz.

87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық спортшы күрестен өзбекстандық Әлем және Азия чемпионы Покизахон Камолиддинованы жеңді.

«Финалдағы қарсыласыммен біз бірге оқу-жаттығу жиындарында болдық және мен оған бұрын жеңілгенмін. Бұл жолы мені бапкерлерім қолдап, жақсы көңіл-күй берді. «Қанекей, Альбина! Сен мықтысың, сен жеңесің»,-деп маған қолдау көрсетті. Мен жігерленіп шықтым және жеңіске жеттім»,-дейді Бахиева 24.kz сайтына берген сұхбатында.

Альбина Бахиева (Амангелдиева) – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан Қазақстан чемпионы екенін де еске сала кетейік.