Бағдос Олжабай салмақ өлшеуге келмей, жекпе-жекті бұзғаны үшін АСА лигасынан қуылды
Қазақстандық спортшы Бағдос Олжабай (16-4) бүгін, 2 қарашада, Санкт-Петербургте өтетін АСА 181 турнирінде өнер көрсетуді жоспарлаған болатын. Алайда, оның ресейлік Рустам Керимовпен (20-1) жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жегі Олжабайдың салмақ өлшеуге шықпағанына байланысты тоқтатылды.
АСА вице-президенті Магомед Бибулатов Олжабайдың лигадан қуылғаны жайлы мәлімдеді, себебі бұл қазақстандық спортшының жекпе-жекке бірінші рет салғырт қарауы емес.
“Олжабай салмақ өлшеу рәсіміне қатыспағаны және дәлелді себепсіз жекпе-жектен бас тартқаны үшін АСА-дан қуылды. Бұл Бағдостың жекпе-жектерді бұзған алғашқы жағдайы емес. Біздің лигада мұндай әрекетке жол берілмейді. Қарсыласыңды, ұйымды және өз еңбегіңді құрметтеу керек”, — деді Бибулатов АСА-ның баспасөз қызметіне.
28 жастағы Олжабай кәсіби мансабын 2019 жылы бастады және көбінесе Alash Pride ұйымында өнер көрсетіп, титулдық деңгейге жетті. Сондай-ақ ол Bushido Kazakhstan, Қытайдың Dacheng Wuyi және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі UAE Warriors ұйымдарында жекпе-жекке шықты. Енді АСА-дағы қазақстандық спортшылардан тек Артем Резников қалды.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20