Қазақстанның шпажистар– Азия чемпионатының финалында: алда Жапониямен шешуші кездесу
Ерлер құрамасы Түркіменстан, Сингапур және Қытайды жеңіп, енді Балиде алтын медаль үшін таласады
Басқа спорт түрлері
21 мау 2025
02:17

Арсен Алиев
Редактор

ФОТО: Getty Images
Қазақстанның ерлер арасындағы шпажистер құрамасы Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты.
Ел намысын Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Руслан Құрбанов қорғауда.
1/8 финалда Қазақстанның шпажистері Түркіменстанды 45:21 есебімен ойсырата ұтты. Кейін ширек финалда Сингапур құрамасынан 43:31 есебімен басым түсіп, жартылай финалда біріншілік фавориттерінің бірі – Қытай құрамасын 45:24 есебімен жеңді.
Енді финалдық кездесуде Қазақстанның шпажистері алтын медаль үшін Жапония құрамасымен бақ сынасады. Финал 21 маусымда өтеді.
Танымал жаңалықтар


Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек