Қазақстанның ММА жұлдыздары өзара мықтыны анықтамақ
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Фаниль Рафиков танымал файтер Дамир Исмагуловты жекпе-жекке шақырды. Ол әлеуметтік желіде жазба қалдырып, жеңіл салмақта Қазақстанның мықтысын анықтауды ұсынған, деп хабарлады “Бірінші бол” парақшасы әлеуметтік желіде.
“Дамир, сенің сөзіңді менімен жекпе-жекке берген келісімің деп қабылдадым. Қазір Қазақстанда 70 келіде ең үздік боксшыны екеуміз анықтай алмаймыз, өйткені бұл атаққа Садриддин Ахмедов пен Мейірім Нұрсұлтанов ие. Сондықтан, сені MMA ережелері бойынша жекпе-жек өткізуге шақырамын. 5 минуттан бес раунд төбелесейік. Сарапқа жақсы белбеу және мол ақша тігілсін. Ең бастысы, жекпе-жектен кейіни бір-біріміздің қолымызды алып тарқасайық”, - деп жазды Рафиков әлеуметтік желіде.
Еске салайық, бұған дейін “All Stars Boxing” промоутерлік компаниясы қос файтердің арасында кәсіпқой бокс кездесуін өткізуді ұсынған болатын. Артынша Дамир Исмагулов келісімін берді.
Айта кетейік, Фаниль Рафиков “Naiza & Fight Nights” чемпиондық белбеуінің иегері. Дамир Исмагулов болса UFC-де төбелескен.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52