Қазақстанның ауыр атлетика чемпионатында сенсация орын алды
13 қараша, сәрсенбі күні Талдықорғанда ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде-ақ ерекше сенсация болды. 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде небәрі 13 жастағы Снежана Кашкарова алтын медаль жеңіп алды. Жетісу облысының өкілі қос жаттығудың нәтижесі бойынша 128 килограмм (57+71) салмақты көтеріп, 20 жастағы Қостанайлық спортшы Ирина Чумактан 23 килограмға (45+60 = 105 – “күміс”) және 16 жастағы Семейлік Ясмин Жұматайдан 34 килограмға (42+52 = 94 – “қола”) озып шықты.
Айта кетейік, бұл чемпионаттағы жеңіс жас спортшыға халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындауға мүмкіндік берді. Енді Снежана ұлттық құрамаға кіруі тиіс. Бұл кез келген іріктеу ережелеріне сәйкес келеді.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20