locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстандықтардың 9-15 желтоқсан аралығындағы спорттық жетістіктері

Басқа спорт түрлері Бүгін 00:13
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Қазақстандықтардың 9-15 желтоқсан аралығындағы спорттық жетістіктері
ФОТО: KBF

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз орталығы өткен аптада қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жетістіктеріне шолу ұсынды. Біздің атлеттер бокс, ауыр атлетика, теннис, гандбол, үстел теннисі және кәсіпқой бокста айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп, медальдар жеңіп алып, дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.

Бокс: Таиландтың Чиангмай қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы 10 алтын, 4 күміс, 6 қола жүлдеге қол жеткізді.

Ауыр атлетика: Бахрейн астанасы Манамада мәресіне жеткен әлем чемпионатында жерлестеріміз 2 алтын, 1 күміс медаль еншіледі.

Теннис: АҚШ-тың Флорида штатында өткен теннистен ITF Juniors J500 Orange Bowl турнирінде Әмір Омарханов жұптық сында чемпион атанды.

Гандбол: Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Дели (Үндістан) қаласында ұйымдастырылған Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Отандастарымыз үшінші орын үшін өткен бәсекеде Иран құрамасынан басым түсті – 28:22.

Үстел теннисі: Норвегиядағы командалық Вальднер кубогі турнирінде қазақстандық Кирилл Герасименко Азия құрамасы сапында өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Кәсіпқой бокс: АҚШ-тың Санта-Инезе қаласында өткен Hollywood Fight Nights бокс кешінде Садриддин Ахмедов өнер көрсетіп, америкалық боксшы Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) 7-раундта нокаутпен жеңді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie