Қазақстандық жас жұлдыз: Жания Бекмұхамбетова Болгариядағы WTT Youth Contender турнирінің жеңімпазы атанды
Басқа спорт түрлері
19 мам 2025
02:52

Арсен Алиев
Редактор

ФОТО: Getty Images
Қазақстандық спортшы Жәния Бекмұхамбетова Болгарияның Панагюрище қаласында өткен халықаралық WTT Youth Contender жасөспірімдер үстел теннисі турнирінде тамаша жеңіске қол жеткізді.
Ол 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста алтын медаль жеңіп алып, жоғары дайындық пен жеңіске деген жігерін көрсетті.
Турнир барысында Жәния Болгария, Словакия және Румыния елдерінің өкілдерін бірінен кейін бірін жеңіп отырды. Оның қарсыластары қатарында Болгариядан - Радина Захариева, Мартина Николова және Белослава Балканска, Словакиядан - Вивьен Муркова, Румыниядан - Карисс Сербан мен Бьянка Тома болды.
Танымал жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек