Қазақстандық төреші Тимур Қожақаев ATTU төрешілер комитетінің мүшесі атанды
Азия үстел теннисі одағы (ATTU) Қарағанды қаласының өкілі Тимур Қожақаевтың ATTU техникалық және төрешілер комитетінің мүшесі болғанын хабарлады.
Бұл қазақстандық төрешінің жоғары кәсіби деңгейінің мойындалуы болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеттері:
• Азия кубогы, Азия чемпионаты және ATTU ұйымдастыратын басқа да турнирлерге төрешілерді іріктеу;
• Төрешілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
• Азия аймағында төрешілермен жұмыс істейтін нұсқаушыларды дайындау;
• Төрешілерге арналған семинарлар ұйымдастыру, әдістемелік және кеңес беру жұмыстарын жүргізу.
Тимур Қожақаев – еліміздегі жалғыз Blue Badge санатындағы халықаралық төреші. Бұл санат оған әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарының шешуші кезеңдерінде және Олимпиада ойындарында төрешілік ету құқығын береді.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:27
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:34