locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстандық спортшы джиу-джитсу мен грэпплингтен әлемнің 11 дүркін чемпионы атанды

Басқа спорт түрлері 03 қара 2024 07:30
Марлен Аманов
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
Қазақстандық спортшы джиу-джитсу  мен грэпплингтен әлемнің 11 дүркін чемпионы атанды
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық спортшы, 17 жастағы Жібек Құлымбетова джиу-джитсу мен грэпплингтен 11 дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды “Адырна” порталы.

Жібек Құлымбетова 28 қазан мен 4 қараша күндері аралығында өтіп жатқан Грекияның Ираклион қаласындағы дүниежүзілік додада Ju-jitsu newaza бөлімі бойынша үздік атанды. Бұл туралы спортшы өзінің инстаграм парақшасында жазды.

Аталған чемпионатқа әлемнің 56 елінен 2 031 спортшы қатысқан. Жібек Грекия, Израиль, Франция, БАӘ және Моңғолия елдерінен келген қарсыластарынан басым түсіп, өзінің салмағында теңдессіз екендігін тағы бір дәлелдеді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie